​Назар аударыңыз, ата-аналар және жас суретшілер!

   1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлытау облысы Полиция департаменті 5 — 9 жас аралығындағы балаларға арналған «Полиция балалар көзімен» атты сурет байқауын жариялайды!

 Балаларыңыздың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге және полиция қызметін өз көзқарастарымен бейнелеуге тамаша мүмкіндік!

 Қатысу шарттары өте қарапайым:

Байқауға 5 мен 9 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Әр қатысушының суреті Ұлытау облысы Полиция департаментінің ресми *policeofulytau* Instagram парақшасында жарияланады.

   Жеңімпаз ең көп «лайк» жинаған сурет арқылы анықталады.

Балаларыңызды осы қызықты байқауға қатысуға шақырыңыз! Олардың жұмыстары біздің парақшамызда жарияланып, көпшіліктің назарына ұсынылады. Суреттерді *maulenuly@inbox.ru* электрондық поштасына жолдай аласыздар.

Толық ақпарат алу үшін Ұлытау облысы Полиция департаментінің *policeofulytau* Instagram парақшасын бақылаңыздар! Сұрақтарыңыз болса, тікелей хабарласыңыз.

Байланыс телефоны: 

8 (775) 462-24-01

*Байқау жеңімпаздары 1- маусым күні жарияланады*

Барлық жас суретшілерге сәттілік тілейміз!

19:09
143

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020