Сәтбаев қаласындағы «Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің оқушылары үшін ерекше экскурсия ұйымдастырылды. Ұлытау облысы Полиция Департаментінің кинологиялық қызметкерлері балаларға қызметтік иттермен таныстыру мақсатында білім беру іс-шарасын өткізді.
Экскурсия барысында балалар кинологиялық қызметтің жұмысымен, қызметтік иттердің міндеттерімен және олардың полициядағы рөлімен танысты. Кинологтар оқушыларға иттердің тәртібін, оларды тәрбиелеу әдістерін және қызметтік иттердің қылмыстық істерді ашудағы маңызын түсіндірді.
Балалар иттердің түрлі командаларды орындауын, іздеу және құтқару операцияларындағы рөлін көріп, үлкен қызығушылықпен бақылап отырды. Кинологтар оқушыларға иттермен жұмыс істеудің жауапкершілігі мен қауіпсіздігі туралы да айтып берді.
#Қазақстанбалалары
#Ұлытауоблысы