«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Ұлытау облыстық филиалы мамандары №1 Ұлытау тірек мектебінде кәсіптік бағдар беру мақсатында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында облыстық филиалдың бөлім басшысы Жанат Саликов оқушыларға техникалық мамандықтардың маңыздылығын түсіндіріп, болашақ кәсібін таңдауға кеңес берді.
«Бізге ең әуелі кәсіби инженерлер, құрылысшылар мен сарапшылар өте қажет. Сол үшін осы кездесуді өткізіп отырмыз. Бір айта кетерлігі, бұл саланың жалақысы жоғары. Ұлттық жол активтері сапасы орталығында инженерлер айына 700 мың теңгеге дейін жалақы алады. Студенттер оқу орнында оқып жүріп-ақ, ақы төленетін өндірістік тәжірибеден өтуге болады. Сондықтан осы бастан тұрақты, беделді және жақсы табыс әкелетін мамандық іздесеңіздер, онда жол құрылысы саласының маманы болуға талпыныс жасаңыздар, – деді Жанат Саликов. Кездесуде оқушылар тарапынан қойылған сауалдар нақты жауаптар берілді.