​Ұлытау облысында «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» іс-шарасы өтті

     29 мамыр күні Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» атты ауқымды іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара Мемлекет басшысының «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын әзірлеу жөніндегі IV Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өткізілді. Бұл бастама 22 мамыр мен 1 маусым аралығында республика көлемінде балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Іс-шара барысында балалар мен жастарға ТЖД-нің заманауи құтқару техникалары, дрондары, арнайы жабдықтары мен көліктері көрсетілді. Қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын үйреніп, төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен танысты.

Бұл бастама балалардың өмір қауіпсіздігіне деген саналы әрі жауапты көзқарасты қалыптастыруға, азаматтық қорғау саласы туралы түсініктерін кеңейтуге зор ықпал етті.

Іс-шара соңында белсенділік танытқан балаларға ТЖД атынан арнайы алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.

18:09
65

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020