​Өңір мақтанышы: Ұлытау облысының мектептері Қазақстандағы «Үздік 100 мектеп» қатарында

   Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың шешімімен Жезқазған қаласының №26 мектеп-гимназиясы, Сәтбаев қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия мен Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиялары еліміздегі «Үздік 100 мектеп» қатарына еніп, «Үздік мектеп – 2025» мәртебесіне ие болды.

    Бұл марапат – аталған білім беру ұйымдарының жүйелі жұмыс жүргізуінің, білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңашыл бастамалары мен заманауи әдістерді тиімді енгізуінің нәтижесі. Ұжымның кәсіби шеберлігі мен оқушылардың оқу жетістіктері, тәрбиелік бағыттағы жобалардың мазмұндылығы бұл табысқа тікелей әсер еткен негізгі факторлар болып табылады.

    «Үздік мектеп – 2025» атағы – білім беру сапасына қойылатын жоғары талаптардың орындалуын, оқу үдерісінің инновациялық тәсілдермен ұйымдастырылуын және мектептердің даму стратегиясының нақты нәтижелерге жетіп отырғанын көрсетеді.

    Бұл жетістік – қаламыздың білім беру саласындағы маңызды оқиға болып саналады.

12:39
48

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020