Сәтбаев қаласында жаңа демалыс аймағы пайдалануға берілді

     1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» корпорациясы мен қала әкімдігінің бірлесуімен абаттандырылған жаңа демалыс аймағы пайдалануға берілді. Демалыс орны Ш. Ділдебаев атындағы Мәдениет үйінің қарсы бетінде орналасқан.
Жобаның жалпы құны 650 миллион теңгені құрайды. Бұл қаржыға кең көлемді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қалалықтар үшін қолайлы әрі заманауи демалыс орны жасақталды. Атап айтқанда:
•Аумағына өрнектас төселді;
•Ағаштар мен жасыл желек отырғызылды;
•Балаларға арналған ойын алаңдары орнатылды;
•Орындықтар, жарық шамдары және шағын сәулет нысандары қойылды.
Жаңа нысанның басты ерекшелігі – интерактивті құрғақ субұрқақ. Бұл субұрқақ жазғы ыстық күндері балалар мен ересектердің сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз.
Сәтбаев қаласының әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы ынтымақтастықты жалғастырып, әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруды әрі қарай да жалғастыра бермек.
———————————————————————
В городе Сатпаев открыт новый рекреационный парк
В честь Международного дня защиты детей 1 июня в городе Сатпаев был открыт новый благоустроенный рекреационный парк. Проект реализован совместными усилиями корпорации «Казахмыс» и акимата города. Новый парк расположен напротив Дворца горняков имени Ш. Дильдабаева.
Общая стоимость проекта составляет 650 миллионов тенге. На эти средства проведены масштабные работы по благоустройству территории, создана комфортная и современная зона отдыха для горожан. В рамках проекта:
•Уложена тротуарная плитка;
•Посажены деревья и зеленые насаждения;
•Установлены детские игровые площадки;
•Смонтированы скамейки, уличные светильники и малые архитектурные формы.
Главной особенностью нового объекта стал интерактивный сухой фонтан, который, безусловно, станет излюбленным местом отдыха детей и взрослых в жаркие летние дни.

Акимат города Сатпаев и корпорация «Казахмыс» продолжат сотрудничество в целях повышения качества жизни населения и реализации социально значимых проектов.

22:53
52

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020