Жұмысшы болу – бұл тек еңбек ету емес, бұл – қоғамға пайда әкелу

2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл шешім – елдің экономикалық дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығы үшін аса маңызды қадам. Өйткені еліміздің өркендеуі – тек инженерлер мен ғалымдардың емес, сонымен қатар күнделікті тынымсыз еңбек ететін қарапайым жұмысшылардың қолында.

Қоғамда кейде жұмысшы мамандықтарына деген көзқарас төмен болып жатады. Алайда, шын мәнінде, құрылысшы, дәнекерлеуші, токарь, электрик, аспаз, жүргізуші сияқты мамандықтар – халықтың тіршілігі үшін аса қажет. Олар болмаса, мектеп те, аурухана да, тұрғын үй де салынбайды, жол да жөнделмейді, жарық та жағылмайды.

2025 жылды жұмысшы мамандықтарына арнау арқылы мемлекет осы кәсіптердің маңыздылығын қоғамға жеткізуді, жастардың жұмысшы болуға деген қызығушылығын арттыруды көздеп отыр. Бұл – кәсіптік білім беруді дамыту, колледждердің материалдық базасын жаңарту, дуалды оқытуды кеңейту сияқты нақты шаралармен жүзеге асуда.

Менің ойымша, әрбір мамандық – қадірлі. Жұмысшы болу – бұл тек еңбек ету емес, бұл – қоғамға пайда әкелу. Сондықтан әрбір адам өз ісінің шебері болуға ұмтылуы керек. Еліміздің жарқын болашағы – білімді де, білікті де еңбек адамдарында.

 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы – еңбек адамына көрсетілген үлкен құрмет. Бұл бастама жастарға жол сілтеп, еңбекке баулып, ел экономикасының жаңа деңгейге көтерілуіне себеп болмақ.

Сәуле Рашидова.

11:13
138

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020