Ұлытау ауылында балалар ойын алаңы ел игілігіне ұсынылды

      1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Ұлытау ауылында балалар ойын алаңы ел игілігіне ұсынылды. Аталған нысан аудандық бюджет есебінен салынды. Бұл бастама ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

    Шараға аудан әкімі Аманжол Мырзабеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Ахат Құрмансейітов қатысты. Еңбек ардагері Қияқбай Сарсенов пен Ғазиз Абитов сөз сөйлеп, ел игілігі жолындағы бастамаларға ризашылығын білдірді. Нысанның лентасын қиып, балаларға ақ батасын берді.

     Жаңа нысандар балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына зор мүмкіндік берері сөзсіз.

     Айта кетейік, мереке қарсаңында Шеңбер ауылында да балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, маусым айының соңына дейін аудан орталығында тағы да жаңа балалар ойын алаңы бой көтеретін болады. Ол үшін арнайы орын қарастырылып, құжаттары заңдастырылуда.

15:21
126

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020