ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІМІН ТАПТЫ

    Ұлытау облысының сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті бірқатар жұмыстар атқарды.
Соның бірі Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының тұрғыны 1 000 000 теңге тұратын массаждық құрылғыны алып, зейнеткер болғандықтан төлеуге қиналатындығын түсінген тұтынушы қолданудан бас тартады. Алайда, тауарды қайтарып бергісі келген тұста сатушы қаржысын қайтарғысы келмейді.
Осы орайда, тұтынушы ретінде Ұлытау облысының сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне келіп, кеңес алды. Барлық құжаттарымен танысқан департамент қыметкерлері наразылық жазуға көмек береді. Сатушының жауабына қанағаттанбаған тұтынушы сотқа арыз беремін деп шешеді. Бұл ретте де департамент қызметкерлері сотқа шағым беруге көмектесіп, сот барысында үшінші тұлға ретінде қатысып тұтынушы құқығын қорғайды.
Осылайша өткен жылдың қараша айынан бері әділдік іздеген зейнеткер сот арқылы құқығын қорғайды. Бүгінгі таңда сот шешімі бойынша тұтынушының қаражатын қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Бұл ретте, айтарымыз егер де тұтынушы ретінде құқығыңыз бұзылған жағдайда департамент қызметкерлері заң аясында әрдайым көмек беруге дайын.

Өз тілшіміз.

15:01
34

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020