БАҚ қызметкерлері марапатқа бөленді

   Бүгін «Grand Palace» мейрамханасында Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

     Мерекелік шара барысында Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Берік Әбен құттықтау сөз сөйлеп, бір топ журналистер мен сала қызметкерлеріне Жезқазған қаласының Құрмет грамоталары мен алғысхаттарды табыстады. 

   Қаламыздың қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан маңызды оқиғаларды халыққа жедел әрі шынайы жеткізіп, ақпарат кеңістігін дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін “Ulytau” облыстық телерадиокомпаниясы, “Saryarqa”, “Жезказганский вестник”, “Мысты өңір”, “Подробности” газеттерінің ұжымдары қала әкімінің арнайы сыйақысымен марапатталды.

      Әріптестеріміз, “Saryarqa” газетінің бас есепшісі Айшагүл Әбенова Жезқазған қаласының Құрмет грамотасымен, дизайнері Гүлиза Акишева қала әкімінің алғысхатымен, аға тілшісі Е.Камалиев ақын, сатирик, журналист Базарбай Әлеухан атындағы арнаулы сыйлықпен марапатталды.

    Мереке құтты болсын, әріптестер!

23:32
101

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020