​Балалы отбасыларды қолдауда әлеуметтік сақтандырудың рөлі

     Ұлттық және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктердi негiзге ала отырып, барлық елдер өз шындықтарына бейiмделген халықты әлеуметтiк қорғаудың меншiктi жүйелерiн құрады.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесі, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы кешенді қамтамасыз етілетін халықты халықаралық стандарттарға сәйкес әлеуметтік қолдау жүйесі құрылды.

Өз кезегінде Әлеуметтік кодекстің 9-тарауында қарастырылған отбасыларды әлеуметтік қорғау шаралары маңызды орын алады. Олардың қатарына бюджет қаражаты есебiнен берiлетiн базалық мемлекеттiк жәрдемақылардың түрлерi және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан (Қор) төленетiн әлеуметтiк төлемдер кiредi.

Қазақстанда 2005 жылы енгізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бастапқыда әлеуметтік тәуекелдердің үш түрін қамтыды: еңбекке қабілеттіліктен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу.

Жұмыс істейтін әйелдердің мүдделерін қорғау мақсатында 2008 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру ана болу мен бала күтіміне байланысты қосымша екі әлеуметтік тәуекелмен толықтырылды.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік демалыс беріледі. Мұндай демалысты ресімдегеннен кейін болашақ ана жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін Қорға жүгінеді.

Аталған біржолғы төлемнің мөлшері әйелдердің соңғы 1 жылда әлеуметтік аударымдар Қорға төленген орташа айлық кірістеріне байланысты. 2025 жылдың 5 айында Ұлытау облысы бойынша шамамен 1,2 мың әйел адам 1,5 млрд.теңге сомаға осындай төлем алды және тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1,4 млн. теңгені құрады.

Бүгінгі күні бала туған кезде ата-аналардың біреуі еңбек қызметін жүзеге асыруына қарамастан, бала тууға арналған мемлекеттік жәрдемақыны бюджет қаражаты есебінен алады, оның мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға — 38 айлық есептік көрсеткішті (АЕК), ал төртінші және одан да көп балаға — 63 АЕК құрайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, соңғы 5 жылда Ұлытау облысы бойынша 22,8 тыс. астам бала, оның ішінде 2024 жылы 4,1 бала дүниеге келді.

Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша Қордан төленетін әлеуметтік төлем әрбір балаға жеке тағайындалады. 2024 жылда аталған төлемді Ұлытау облысындағы жаңа туған балалары бар отбасылардың 78,4 %-ы алды.

2025 жылдың 5 айында бұл төлем Ұлытау облысындағы 1,3 мың адамға тағайындалды, ай сайынғы орташа мөлшері 87 мың теңгені құрады. Төлем 2,1 млрд. теңге сомасында жүргізілді.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар бала туғанға дейінгі соңғы 2 жылда Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40% -ы мөлшерінде төлемдерді ала алады.

Бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде ай сайын әлеуметтік төлем алып отыратындар үшін міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) түсуі жалғастырылатынын атап өтеміз. Біржолғы және ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден 10% мөлшерінде МЗЖ ұсталынып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады. Сондай-ақ, бала күтімі кезеңінде зейнетақы жинақтарын толыққанды қалыптастыру мақсатында мемлекет міндетті зейнетақы жарналарын қосымша субсидиялайды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігінде Қор цифрлық сервистерді белсенді енгізуде. Осылайша, Қордан тағайындалатын әлеуметтік төлемдерге дәстүрлі жолмен — «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация) бөлімшелері арқылы да, электронды түрде де үйден шықпай-ақ жүгіне алады.

Мысалы, жүктілікке және босануға байланысты біржолғы төлемді тағайындау үшін egov.kz электрондық үкімет порталы немесе Мемлекеттік корпорация бөлімшесі арқылы, ал бала күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемге — egov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары немесе Мемлекеттік корпорация бөлімшесі арқылы жүгінуге болады.

Сондай-ақ, әлеуметтік төлемдер sms-хабарламамен растау жолымен әлеуметтік төлемдерді алу құқығын іске асыруға өтініш берушінің келісімін алу арқылы проактивті түрде тағайындалуы мүмкін.

Төлемдерді тағайындау кезінде Қордың филиалдары құжаттардың (мәліметтердің) дұрыстығын тексеретінін атап өткен жөн. Осыған байланысты, әлеуметтік аударымдардың уақтылы және толық төленбеген, МЗЖ сомалары төленген кірістің әлеуметтік аударымдарға сәйкес келмеген жағдайларда Қор алынған материалдарды қайта ресімдеуге жібереді. Мұндай жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 жұмыс күніне дейін ұзартылады. Бұл кезең тиісті мемлекеттік органдардан, жұмыс берушіден және басқа да ұйымдардан қажетті қосымша мәліметтер алу үшін қажет.

Осыған байланысты жұмыс істейтін азаматтар жұмыс берушілердің олар үшін әлеуметтік аударымдарды Қорға төлеу фактілерін тексеріп отыру маңызды.

Мұндай ақпаратты egov.kz электрондық үкімет порталы (Басты бет/Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту/Міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуметтік аударымдары туралы ақпарат) немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне немесе Қордың филиалына жеке басын куәландыратын құжатпен жүгіну арқылы алуға болады.

Бүгін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне Ұлытау облысы бойынша шамамен 83 мың жұмыс істейтін азамат қатысады, оның ішінде 2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 13,5 мың адам Қордан әлеуметтік төлем алушылар болып табылады.

Қор цифрлық сервистерді дамытуды және төлемдерді алудың қолжетімділігін қамтамасыз етуді жалғастыруда. Республика бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 70%-нан астамы электрондық форматта ұсынылады, бұл процесті жылдам және ыңғайлы етеді.

Қор қызметінің стратегиялық бағыттары барлық жүйенің орнықтылығына, қаражатты пайдаланудың тиімділігіне және халықаралық стандарттарға сәйкес келуіне бағытталған.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік қатер туындаған кезеңде, сондай-ақ бала туу және оның күтімі сияқты маңызды кезеңдерде қазақстандықтарды әлеуметтік қолдауды жүзеге асыруға өз үлесін қосуда.

Ұлытау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» филиал директоры      Корнеевец Валерия Андреевна

12:35
39

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020