Сәтбаев қаласындағы 1956 жылдан бері алғаш рет «Балдырған» балабақшасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде ғимараттың қасбеті мен шатыры жаңартылып, ағаш конструкциялар өртке қарсы өңдеуден өткізілді, жаңа терезелер орнатылды, инженерлік жүйелер — кәріз, жылу және электр желілері толық ауыстырылды. Ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда, қабырғалар мен төбелер тегістеліп жатыр. Сонымен қатар қойма ғимараты қапталып, жертөле деңгейінде әрлеу жұмыстары жоспарланған.
Жөндеу жұмыстары балалар мен қызметкерлерге қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға бағытталған.
——————————————————————
ДЕТСКИЙ САД «БАЛДЫРҒАН» — ОБНОВЛЕНИЕ СПУСТЯ 70 ЛЕТ
В городе Сатпаев впервые с 1956 года в детском саду «Балдырған» проводится капитальный ремонт.
На сегодняшний день обновлены фасад и кровля, проведена противопожарная обработка конструкций, установлены новые окна, заменены инженерные сети — канализация, теплоснабжение, электропроводка. Продолжаются внутренние отделочные работы, ведётся выравнивание стен и потолков. Также обшивается складское помещение и планируется отделка подвала.
Ремонт направлен на обеспечение безопасных и комфортных условий для детей и персонала.