«ЖОЛ КАРТАСЫ» АЯСЫНДА АУЛАЛАР ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

Жезқазған қаласы тұрғын үй-коммуналдық шарушалығы, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімінің басшысы Қуанышбек Сансызбаев «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясындаөзі жетекшілік ететін салаға қатысты атқарылатын жұмыстардың легімен таныстырды.

Аталмыш мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қалада тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығына байланысты 28 жоба жүзеге асырылмақ. Олардың қатарында «Қазақстан» композициясы мен Ғарышкерлер көшесі 21А мекенжайы ауласын абаттандыру, Талап елдімекеніндегі саябаққа қоршау, қаладағы үш субұрқақты күрделі жөндеу өткізу жұмыстары да бар. Көпті алаңдатқан Жеңіс 11 мекенжайында орналасқан апаттық үй де биыл осы бағдарлама бойынша бұзылатын болды. Талап, Кеңгір елдімекендеріндегі су құбырларына да жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 7-8 ықшам аудандарындағы кәріз жүйелері де жөндеуден өткізілмек. Жалпы құны 9 999 999 теңгені құрайтын 30 қоқыс контейнері орнатылады.

– Қала тұрғындарын көптен алаңдатып жүрген мәселелердің бірі – көшелер мен аулаларды жарықтандыру. Осыған байланысты Алашахан даңғылына арнайы саябақтарды жарықтандыруға арналған 54 аспалы шам орнатылады. 1, 2, 4, 5, 6 ықшам аудандарына, Ғарышкерлер көшесінде орналасқан Жезқазған қалалық «Nur Otan» партиясы ғимараты мен «Байқоңыр» қонақүйі маңайы да жарықтанады. Қала маңындағы ауылдық елдімекендерге де жарық орнатылып, ескілері жаңартылады. Жезқазған – Қарағанды, Балқаш көшесіне апарар жолдағы № 3 жол айналымына, 91-айналымнан Сәтбаев қаласына шығар тасжолдарына да жарықшамдар орнатылады, – деді бөлім басшысы өз сөзінде.

Брифинг барысында «Сарыарқа» магистральды газ құбырының игілігін жезқазғандықтар қашан көре алатыны да сөз болды. 4 кезеңді құрайтын газ құбырының 1-кезеңі Талап, Пристанционный елдімекендері бойынша аяқталуға жақын. Аталған елдімекендер бойынша тартылған газ құбыры 85 пайызды құрап отыр. Аталған ауыл тұрғындары 1 шілдеден бастап көгілдір отын жағуға кіріседі. Одан әрі кезеңдер басталады. Жыл соңына дейін газ Геология елдімекеніне де жетуі әбден мүмкін. Ал Жезқазған аймағы түгел дерлік газ игілігін 2023 жылға дейін көреді деп жоспарлануда.

17:21
350

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020