Жезқазған қаласында сапалы ауыз сумен қамту мақсатында заманауи мембраналық технология қолданылатын су тазарту нысандарын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Қазір жобаның 2 және 3-кезектері жүзеге асырылуда. Су тазарту ғимараттарында әрлеу мен жабдықтарды орнату жұмыстары, резервуарларды жөндеу және реагенттер станциясын жаңарту секілді маңызды міндеттер атқарылып жатыр.
Жобаның толық аяқталуы 2026 жылға жоспарланған.
Нәтижесінде – Жезқазған тұрғындары тәулігіне үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Бұл – халықтың өмір сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам!