Biny.co – жүк тасымалы саласындағы отандық стартап

   Команда Google for Startups – Silkway Accelerator бағдарламасына қатысып, үздік үштікке енген. Өнімді тұтынушылар қатарында QazPost, Coca-Cola, Gorilla Asia және Zeta Trade компаниялары бар.
    Surfaice.pro – Кремний алқабындағы қазақстандықтар негізін қалаған технологиялық компания. Стартап құрылыс саласына арналған инновациялық шешімдер әзірлеумен айналысады. АҚШ-тың бес штатында жұмыс істейді. Компания Big Sky Capital және Shadow Ventures қорларынан 1,5 миллион доллар инвестиция тартқан.
    OlympIQ – спорт саласын дамытуға арналған технологиялық платформа. Жүйе ЖИ көмегімен талдамалық, операциялық, медициналық және ұйымдық деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.
    Орман өртін алдын ала анықтау жүйесі өртке қарсы әрекет ету уақытын едәуір қысқартып, апаттың ауқымы мен шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Жоба бейнемониторинг, бейнеталдау және жасанды интеллект технологиялары негізінде жұмыс істейді. Аталған жүйе «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ертіс орманы» резерватына енгізілген.
   AI-хаттама агенті – мемлекеттік органдардағы жиналыстың аудиожазбалары негізінде транскрипция жасап, хаттама дайындайтын жасанды интеллект қызметі. Жоба құжат айналымын жеделдетуге, қол еңбегін азайтып, ақпараттың нақтылығы мен сақталуын жақсартуға бағытталған.
   AI-Терапевт – дауыс арқылы енгізілген ақпарат негізінде медициналық құжаттаманы автоматты түрде әзірлейтін ЖИ жүйесі. Аталған жоба сырқаттың анамнезін қалыптастырып, ықтимал диагнозды алдын ала анықтай алады. Сондай-ақ тиісті клиникалық ұсынымдары бар медициналық есепті автоматты түрде құрастырады.
    ЖИ қолдану арқылы радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру (PACS жүйесі) жобасы онкологиялық ауруларды ерте кезеңінде анықтауға арналған. Бұл жүйе медициналық кескіндерді сақтап, өңдеуге мүмкіндік береді.

t.me/aqorda_resmi

22:36
60

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020