«Парасатты пайым» кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін қаламыздағы «ULYTAU» облыстық телеарнасының ғимаратында ақын, журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Алтын сұңқар» сыйлығының лауреаты Мұқағали Сейтқазының «Парасатты пайым» кітабының тұсаукесері өтті.

«Парасатты пайым» – «ULYTAU» облыстық телеарнасында сұхбатқа негізделген бағдарлама. Бұл хабар көрерменге теледидар арқылы 2021 жылы жол тартты. Бағдарламаның авторы және жүргізушісі – Мұқағали Сейтқазы. Жемісті жобада – мемлекет және қоғам қайраткерлері, еңбек адамдары, саясат, экономика, спорт сынды түрлі салада тер төгіп жүрген жандар қоғамдағы өткір мәселелер жөнінде сұхбат беріп, парасатты, пайымды ойларын ортаға салды. Телебағдарламаның кітапқа айналуы, хабарда айтылған түйінді толғамдардың хатқа түсуі жұртшылықтың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға үлесін қоспақ.

2022 жылы БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Мұқағали Сейтқазы осы жобасымен «Алтын сұңқар» сыйлығына ие болды.

Кітапта бағдарлама қонағы болған – Әлихан Бәйменов, Жүрсін Ерман, Досжан Жанботаев, Аманжол Әлтай, Ерболат Сатыбалдин сынды 30-ға жуық тұлғаның сұхбаты топтастырылған.

Іс-шара барысында ел ағалары мен зиялы қауым өкілдерінің ізгі тілектері де айтылды, дәстүрлі әндер де шырқалды.

Шара соңында тұсаукесерге келген қонақтарға автордың қолтаңбасы қойылған «Парасатты пайым» кітабы табысталды.

Бұл кітап – Ұлытау журналистикасына қосылған елеулі еңбек!

23:22
59

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020