2026 жылы Жезқазған қаласында жалпы құны 164 млрд 300 млн теңгені құрайтын үш ауқымды инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл жобалар өңір экономикасын дамытуға, өндірістік әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
1. ЖЭО-да бу-газ қондырғысын салу
Инициаторы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС.
Аталған жоба энергия тиімділігін арттыруға бағытталған. Бу-газ қондырғысы заманауи технологияларға негізделіп, экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімділікті қамтамасыз етеді.
Іске қосу мерзімі – 2026 жылдың III тоқсаны.
2. ЖМЗ жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысы
Бастамашы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын арттырып, өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қосымша өнім алуға мүмкіндік беретін бұл жоба металлургия саласының экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға сеп болады.
Іске қосу мерзімі – 2026 жылдың III тоқсаны.
3. ЖЭС мұнараларының металл конструкцияларын шығару
Жоба операторы – «ТехноГруппСервис» ЖШС.
Бұл өндірістік кешен энергетикалық инфрақұрылым нысандарына қажетті металл конструкцияларды дайындауға бағытталған.
Іске қосу мерзімі – 2026 жылдың III тоқсаны.
Бұл жобалардың іске асуы өңірлік өнеркәсіпке тың серпін беріп, Жезқазғанның өндірістік инфрақұрылымын жаңғыртуға ықпал етеді.