​Жезқазған қаласында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде: Алашахан даңғылы жаңарып келеді

    2025 жылы Жезқазған қаласында жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар қаланың көлік қатынасын оңтайландырып, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

     Қазіргі таңда Алашахан даңғылының Бейбітшілік даңғылына дейінгі бөлігі жөндеуден өтуде. Орташа жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сай кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жолдың асфальт жабындысы жаңартылып, жол жиегіндегі бұзылған учаскелер қалпына келтірілуде. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен көлік қозғалысының тиімділігін арттыру үшін тиісті жол белгілері мен инфрақұрылым элементтері де жаңартылмақ.

    Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан уақыт ішінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз.

     Жол инфрақұрылымын жаңарту – Жезқазған қаласының дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде тұрғындар үшін қала көшелері бұрынғыдан да ыңғайлы әрі тартымды болмақ.

12:28
49

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020