Жыл сайын дәстүрлі түрде шілденің үшінші жексенбісінде елімізде Металлургтер күні атап өтілетіні белгілі. Атаулы күнге орай Жезқазғанда бүгін 2 іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шаралар қатары Қаныш Сәтбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Шараға аймақ басшысы Дастан Рыспеков, қала әкімі Қайрат Шайжанов, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдері, металлургия өнеркәсібінің ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.
Металлургия саласы мамандарының қажырлы еңбектерінің арқасында Жезқазған өндіріс қаласы ретінде әлемге танылды. Құрметті мамандық иелері – металлургтер, Қаныш атамыздың армандарын жалғастырып, бүгінгі ұрпаққа өнеге болып отыр.
Келесі іс-шара «Royal Hall» мейрамханасында жалғасын тапты.
Мерекелік салтанатта өңір басшысы Д.Рыспеков пен облыстық мәслихат төрағасы Б.Шыңғысов және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдері металлургтер мен сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты шара барысында от-жалынмен арпалысқан алыптар марапатталып, алғысқа бөленді.