Маңызды заңнамалық өзгерістер қабылданды

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша және қоғамның сұранысына жауап ретінде, азаматтардың — әсіресе әйелдер мен осал топтардың — жеке шекаралары мен өмірін қорғауға бағытталған маңызды заңнамалық өзгерістер қабылданды.
      Не өзгерді?
       Сталкингке (құмарта қудалау) қылмыстық жауапкершілік енгізілді — енді бұл қылмыс болып саналады!
Адамның еркіне қарсы қудалау, аңду немесе байланыс орнатуға әрекеттену үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.
       ҚР ҚК 125-бабындағы бұрынғы құқықтық саңылау алынып тасталды: енді ұрланған адамды ерікті түрде босатқан күннің өзінде де ұрлаушы жауапкершіліктен босатылмайды.
     Жаңа бап енгізілді — некеге мәжбүрлеу (ҚР ҚК 125-1-бап):
     2000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;           ауыр жағдайда — 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
     ауыр зардаптарға әкелген жағдайда — 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
     Бұл өзгерістер — әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бостандық пен жеке өмірге қол сұғушылық үшін жазаны күшейту жолындағы маңызды қадам.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зулхаиров Ренат
#ҰлттықКомиссия
#UlttyqKomissiya
#НацКомиссия
15:24
37

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020