Бүгін Жезқазған қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 адамның анықталғаны белгілі болды. Бұл туралы Жезқазған аймағы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Ранова хабарлады.
-Теміртау қаласының тұрғыны Жезқазғанға қыдырып келіп, туыстарнының ауызашар рәсіміне қатысқан. Сол жерде болған 13 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың үшеуі бала, — дейді Л. Ранова.
Қазір олардың барлығы Сәтбаев қаласындағы инфекциялық бөлімшеге оқшауландырылып, тұрғылықты жері бойынша 4 подъезд карантинге жабылған.
-Карантин әлі де жалғасуда. Сақтық шараларын қатаң ұстаныңыздар. Ертең Ораза айт басталады. Айт мерекесін үйлеріңізде, тек отбасы мүшелерімен қарсы алғандарыңыз абзал, — деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Бұған дейін Жезқазғанға Ресей Федерациясынан келген 4 студенттен коронавирус инфекциясы анықталғаны хабарланған болатын.