«Kazakhmys Smelting» ЖШС кәсіби мереке – Металлургтер күнін өте жоғары деңгейде атап өтті.
С.Қожамқұлов атындағы музыкалы-драма театрының алдындағы алаңда балалар мен бүкіл отбасы үшін жарқын интерактивті бағдарламасы бар «Metallurg Fest» фестивалі ұйымдастырылды.
Түрлі-түсті костюм киген өнерпаздар алаңға жиналған балалардың көңілін көтеріп, оларға ерекше әсер сыйлады. Әлемдегі ең құнды байлықтың бірі – баланың жарқын күлкісі мен көңілді көздері. Көңілді билермен басталған кеш бүлдіршіндерді шат-шадыман етті.
Отбасылық эстафеталар мен жарыстарда күш, ептілік және жылдамдыққа ие әркімнің қатысуға мүмкіндігі болды.
«Metallurg Fest» – бұл бүкіл отбасымен қызықты уақыт өткізуге, мереке атмосферасына енуге және металлург мамандығына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін іс-шара.
«Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің мұнымен тұрғындарға тартуы аяқталмады, мерекелік шара қаламыздағы басты алаңдардың бірі – Алашахан алаңында жергілікті өнерпаздар мен арнайы шақырылған қонақтарының қатысуымен өткен Гала-концертке ұласты.
Кеш қонақтары – «Қазақ аруы – 2022» финалисі, республикалық конкурстардың лауреаты – Аяулым Қайырбек, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының бұрынғы мүшесі Болат Құсайынов және «Қазақстан дауысы» жобасының финалисі ADAM.