Жұмыстар қарқынды жүргізілуде

Жезқазғанда балалар ойын алаңдары орнатылып, аулаларды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде!
Жезқазған қаласында тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған кешенді абаттандыру жұмыстары қарқынды жалғасуда. Қала ортасын жаңғырту жобасы аясында бірқатар аулаларда заманауи балалар ойын алаңдары орнатылып, демалыс аймақтарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Жоба аясында қамтылатын мекенжайлар:
Абая көшесінің 49, 81а, Алашахана 4, 6, 13, 16, 20, 27, 28, Байқоңыров 110, 123А, Ғарышкерлер 21А, 24, 25А, 33, Гагарин 11, 76, Жәлил 4, Деев 1, 11, 13, Есенберлин 5, 15, 47, Мир 65, 67, Расков 3, 5, 7, Сарыарқа 2, 8, Сәтбаев 30, 45 үйлерінің ауларына.
Жұмыстың аяқталу кезеңдері 2025 жылғы 31 шілдеге дейін деп жоспарланған.
Мердігер ұйым «Серік Бизнес Құрылыс» ЖШС.
Бұл жобаның басты мақсаты — балаларға қауіпсіз әрі жайлы ойын кеңістігін құру, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге қолайлы орта қалыптастыру. Алаңдарда балаларға арналған серуен кешендері, көлеңке шатырлары, орындықтар мен жарық шамдары орнатылып, аумақтар толықтай көгалдандырылатын болады.
Жезқазған – жайлы қалаға айналуда!

Жаңартылған аулалар – қауіпсіз балалық шақ пен бірлікке толы көршілестік кепілі.

13:20
24

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020