Таяқ тарту: ұлттық ойын, ұрпаққа мұра

Бүгін «Жігер» спорт кешенінде «Таяқ тарту: ұлттық ойын, ұрпаққа мұра» атты іс-шара өтті.

Ұлттық спортымызды дәріптеу, чемпиондармен ашық сұхбат құру, жастарға үлгі көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға «Ұлытау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының» бөлім басшысы Елдос Абдраев, «Облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы» КММ басшысы Досет Уатаев, мас рестлингтен Ұлытау облысының жаттықтырушысы Асқар Әбдіхамит және оның шәкірттері, Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары қатысты.

Елдос Аманкелдіұлы жиынды ашып, құттықтау сөз сөйледі. Кейін сөз кезегі Досет Мұхитденұлына берілді.

Әрі қарай шара сұхбат бөліміне ауысты. Модератор Бота Зейнурова Қазақстан чемпионатының жеңімпаздарына мас рестлингке байланысты сауалдарды қойып, спорт шеберлерінен толыққанды жауап алды.

Жиын соңында Ұлытау облысының мас рестлинг командасына «Облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы» КММ басшысы Досет Уатаев алғысхат және естелік сыйлықтар табыстады, алдағы Моңғолия елінде өтетін жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

18:57
156

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020