Сіздерді 2025 жылғы 2 тамыз күні сағат 19:00-де Жезқазған қаласы, Кеңгір су жағалауындағы амфитеатр сахнасында өтетін «Jas Juldyzdar» атты жастар шығармашылығына арналған мәдени іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Іс-шара барысында талантты жас өнерпаздар өнер көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Бұл кеш – жас буынның шабытын шарықтатып, өнерін танытатын ерекше мүмкіндік.