Бүгін жаңарған мәлімет бойынша Жезқазған қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 28 адамға жетті, деп хабарлайды Saryarqa.info .
Соңғы тәулікте Қарағанды облысы бойынша инфекция жұқтырғандар саны 595 адамды құрап отыр. Облыс бойынша осыған дейін 190 науқас сауығып шықса, 3 адам аурудан көз жұмған.
Қала, аудандар бойынша статистика төмендегідей:
Теміртау қаласы – 261, Қарағанды қаласы – 237, Шахтинск – 11, Саран – 12, Бұқар жырау ауданы – 32, Шет ауданы – 2, Абай қаласы – 5, Топар (Абай ауданы) – 3, Жезқазған – 28. Науқастар арасындағы басқа облыс адамдары – 15.