Құны 60 млрд теңгеден асатын әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда

Ұлытау облысында бюджеттен тыс қаражат есебінен құны 60 млрд теңгеден асатын әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда
Бұл туралы облыс әкімі Дастан Рыспеков бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Әкім өңірдің даму перспективаларын, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарын, инвестициялық жобаларды және халықтың өмір сапасын жақсарту бастамаларын таныстырды.
Өңір басшысының айтуынша, жыл ішінде облыста құны 60 млрд. теңгеден асатын бірқатар маңызды әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар жер қойнауын пайдаланушылардың демеушілік қаржысы, жекелеген қорлар және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен атқарылады.
Жобалардың қатарында заманауи Конгресс орталығы, Оқушылар сарайы, 1500 орындық мұз айдыны мен жүзу бассейні, балалар мен жасөспірімдер спорт академиясы, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мешіт, емхана, балабақша және өзге де нысандар бар. Жалпы облыста 33 жоба іске асырылуда.
Бұдан бөлек, аталған қаражат есебінен дәрігерлер мен мұғалімдерді әлеуметтік қолдауға, сондай-ақ спортты дамытуға бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылады.

Бұл шаралар өңір тұрғындарының қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде жүргізілетін болады.

18:10
40

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020