Бүгін Ұлытау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Геннадий Шиповских тіл жанашырларымен және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.
Сенатор брифингте ҚХА «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» арнайы жобасы жөнінде баяндама жасады.
Геннадий Шиповских кездесу барысында Сенатқа ҚХА-дан сайланған депутаттардың қызметі жайлы тілге тиек етіп, Ассамблея жұмысының нақты бағыттарына тоқталды.
Брифинг соңында журналистер келген қонаққа сауалдарын қойды. Журналистер тарапынан мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін институционалдық деңгейде орнықтыру үшін ҚХА аясында атқарылып жатқан жобалар және «Qazaq Cybersport», «Жайдарман» сияқты жастарға бағытталған жобалар арқылы мемлекеттік тілдің бейресми қолданыс аясын кеңейтуге беріліп жатқан басымдық жөнінде сұрақтар қойылды.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты өз кезегінде қойылған әр сауалға толыққанды жауап қайтарып, тақырып аясында қосымша ақпараттармен бөлісті.
Айта кетейік, сенатор брифингтен кейін «AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалының ғимаратында өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.