"Мектепке жол" акциясы

       Бүгін Жезқазған қаласындағы №13 жалпы білім беретін мектебінің ғимаратында «Мектепке жол» акциясы өтті.
      «Қазақстан Халық Банкі» Ұлытау облыстық филиалының қолдауымен өткізілген қайырымдылық акциясының мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезінде жеке санаттағы оқушыларға қолдау көрсету, ізгі ниетті істерді көпке үлгі ету.
      Іс-шара барысында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Бөлшек бизнес орталығының басшысы Жанна Серғазықызы мен "№13 ЖББМ" КММ директоры Гүлбану Оразова сөз сөйледі.

      Қайырымдылық шарасының сәнін келтіріп, жүректерді қуаныш пен шаттыққа бөлейтін әндерді №13 мектептің өнерлі оқушылары шырқады.

19:02
85

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020