​Еңбек адамы жылы - еңбектің мәртебесін көтеретін жыл

    2025 жыл Қазақстанда Еңбек адамы жылы деп жарияланды. Бұл бастама – елдің дамуында еңбек адамдарының үлесін мойындап, олардың мәртебесін арттыруға бағытталған тарихи қадам. Себебі мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығы қарапайым жұмысшылардың табанды еңбегінің арқасында қалыптасатыны белгілі.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, еңбек адамы – ел экономикасының тірегі. Өндірісте, ауыл шаруашылығында, білім беру мен денсаулық сақтау саласында және өзге де бағыттарда жұмыс істейтін мыңдаған азаматтың еңбегі – қоғам дамуының басты қозғаушы күші.

Еңбек адамы жылы аясында төмендегі бастамалар қолға алынбақ:

  Еңбек қауіпсіздігі мен жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін кеңейту;

   Жұмыс орындарын жаңғырту, еңбек жағдайын жақсарту;

    Жас мамандарды өндірістік салаларға тарту үшін жаңа бағдарламалар енгізу;

    Үздік еңбек озаттарын марапаттау және олардың тәжірибесін насихаттау.

Еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек адамдарына арналған форумдар, мәдени және білім беру жобалары, көрмелер мен байқаулар өткізу жоспарланып отыр. Мысалы, құрылысшылардың үздік жобалары, ауыл еңбеккерлерінің жетістіктері және өндіріс озаттарының табыстары халыққа кеңінен таныстырылады.

Бұл шаралар тек еңбек адамдарының мәртебесін арттырып қана қоймай, жастардың да еңбекке деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді. Өйткені еңбекқорлық – елдің дамуы мен өркендеуінің басты кепілі.

Мадина Оразхан

11:44
115

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020