Аталмыш спорт кешенінің жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрайды. Бұл кешен баскетбол, волейбол, шағын футбол сынды спорт түрлеріне арналған.
Айта кетсек, 2022 жылдың 13 шілдесінде “Қазақстан Халқына” қоғамдық қоры мен Ұлытау облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Осы меморандум шеңберінде және “Қазақмыс” Корпорациясының қолдауымен Ұлытау облысында, яғни, Сәтбаев қаласы мен Жаңаарқа ауданына қарасты Ералиев ауылында екі ангарлық үлгідегі жылдам салынатын спорт кешенінің құрылысы жоспарланып, соның алғашқы кешені Сәтбаев қаласында ашылып отыр.
Ашылу салтанатында Ұлытау облысының әкімі Зина Жұманазарқызы, “Қазақстан Халқына” қорының бағдарламаларды, жобаларды үйлестіру және донорлармен өзара іс-қимыл орталығының жетекшісі Шыңғыс Шарапиев, “Қазақмыс” корпорациясы ЖШС-нің өңірлерді дамыту жобалары департаментінің директоры Медет Дүйсенбаев құттықтау лебіздерін білдірді.
Салтанатты лента қию рәсімінен кейін жиналғандар спорт кешенінің ішін аралап көрді.