​АБАТТАНДЫРУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

«Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында Жезқазған қаласында абаттандыру жұмыстары да қолға алынды. Атап айтсақ, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тұрғын үйлердің аулаларымен қатар жезқазғандықтардың сүйікті демалыс орындарындағы субұрқақтар және «Қазақстан» композициясының аумағын абаттандыру жоспарланып отыр.

Ғарышкерлер көшесіндегі 19 және 21а мекенжайындағы үйлердің айналасын абаттандыруға мердігер «Smart Invest Group» ЖШС-нің алты жұмыскері жұмылдырылған.

Айта кету керек, елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуді көздейтін мемлекеттік бағдарламаның басты талабы аймақтарда екі қолға бір күрек таппай жүрген тұрғындарды жұмысқа орналастыру. Сондықтан, жұмысқа тартылғандардың қатарында жұмыспен қамту орталықтарында жұмыссыз ретінде тіркелген 3 азамат бар. Олар ауланы асфальттап, бейнебақылау камераларын орнатады, балалардың ойын алаңқайын салып, үй айналасына жаңа кейіпке енгізбек. Жобаны жүзеге асыруға 19342936,48 теңге бөлініп отыр.

Ал, осыдан екі жыл бұрын орнатылған «Қазақстан» жазуының маңайын әсемдеуге 22864598,400 теңге қарастырылып, бұл жұмыстарды орындауға «Адал Еңбек KZ» ЖШС міндетті. Мердігердің 10 жұмыскері композицияның айналасына тастөсеме төсеп, ойын элементтерін орнатады.

Мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы бойынша Талап селосындағы саябақты «Адал Еңбек KZ» ЖШС қоршайды. Келісім-шарт бойынша қоршауға 8664076,96 теңге жұмсалмақ. Ал, «Наурыз», «Ғарышкерлер» бульвары мен Алғашқы құрылысшылар алаңындағы субұрқақтарды жөндеу мен ұстауға 37999999 теңге қарастырылды. 15 жұмыскер субұрқақтардың сыртын жаңалап, сорқыш қондырғыларын ауыстырып, жарықтандырады. 

15:36
473

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020