​АТАСУ-АЙНАБҰЛАҚ ЖОЛЫН ЖӨНДЕУ БАРЫСЫНДА БІРНЕШЕ КЕМШІЛІК АНЫҚТАЛДЫ

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Ұлытау облысы бойынша филиалы облыстық маңызға ие Атасу-Айнабұлақ жолының 130,45 – 158,15 (27,7 шақырым) учаскесін орташа жөндеу кезінде бірқатар кемшіліктер кеткенін анықтады. Филиалдың бөлім басшысы Жанат Саликовтың айтуынша анықталған ақаулар мердігер ұйым тарапынан қайта қалпына келтіріледі. 

«Атасу-Айнабұлақ жолын орташа жөндеу жұмыстары сапасын біздің инженерлер 11 мәрте тексерді. Асфальт жамылғысынан 113 сынама алынды. Нәтижесінде 7 кемшілік анықталды. Яғни, кей жерлерде асфальт жамылғысының сумен қанықтыру және тығыздалу коэффициенті дұрыс емес. Сапасыз төселген жол бөлігінің аумағы анықталды. Оның жалпы көлемі 800 шаршы метрден астам. Мердігер «Жаңа-Арқа-2006» ЖШС ол жерлерге асфальт жамылғысын қайта төсейді. Қазір жұмыстар басталды» дейді Жанат Саликов.  

Жалпы, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Ұлытау облысы бойынша филиалы тамыз айында облыстың маңыздағы жолдарды тексеруге 40 мәрте шыққан. Жол құрылысы материалдарынан 150 сына алынды. Тексерілген 76 сынаманың 13-і нормативті талаптарға сай болмай шықты. Мердігерлерге кемшілікті жою жөнінде тиісті хат жолданды.

18:09
82

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020