Облыс әкімдігінің ғимаратында VIII шақырылған Ұлытау облыстық мәслихатының кезектен тыс XXVIII сессиясы өтті.
Сессияны облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов ашып, жүргізіп отырды. Жиынға облыс әкімі Дастан Рыспеков, қала мен аудан әкімдері, басқарма басшылары мен депутаттар қатысып, өзекті мәселелерді талқылады.
Күн тәртібіне 10 мәселе шығарылды. Бірінші күн тәртібі бекіді, кейін есеп комиссиясының құрамы сайланды. Комиссияның құрамы – Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттары Ержан Токимбаев, Виктория Ставицкая және Гүлмира Қаженова.
Үшінші мәселе – «Ұлытау облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының 2024 жылғы орындалу барысы». Аталған мәселе төңірегінде Ұлытау облыстық экономика басқармасының басшысы Нұрлан Абдукалимов баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе – 2023-2025 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын 2024 жылы іске асыру туралы. Бұл мәселеге кеңірек Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұқағали Жаманов тоқталды.
Сонымен қатар сессияда Жезқазған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, Сәтбаев қаласының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы мәселелелер де қаралды. Бұл жөнінде Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мағжан Табылдин баяндамасын оқыды.
Сессияда барлық мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.