«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» Ұлытау облысы бойынша филиалында битум сынамасын жүргізетін зертхана ашылды. Ашылу салтанатына “Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы” РМК Бас директорының орынбасары Арман Қайырбеков, облыс әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов қатысты.
Жиналғандарды филиал директоры Елдар Әбенов атқарылып жатқан жұмыс барысымен және алдағы жоспармен таныстырды. Жалпы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» Ұлытау облысы бойынша филиалында 12 адам жұмыс істейді. Меймандар филиалдың материалдық-техникалық базасының қамтылуынан да хабардар болды.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» Ұлытау облысы бойынша филиалы 2023 жылы ашылған болатын. Араға жыл салып зертхана жасақталды. Алайда, ғимараттың жоқтығына байланысты битум сынамаларын Қарағанды және Қызылорда филиалдарына жіберіп отыратын. Енді бұл қызмет түрлері толығымен жергілікті жерде жүргізілетін болады. Жаңадан ышылған битум зертханасы толықтай заманауи құралдармен жабдықталған.
Өз тілшіміз.