2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама – қоғамда жұмысшы кәсібінің мәртебесін көтеруге, жастарды техникалық және кәсіптік білімге ынталандыруға бағытталған маңызды қадам.
Қазіргі таңда елімізге тек жоғары білімді мамандар ғана емес, сонымен қатар білікті жұмысшы кадрлар да аса қажет. Электрик, дәнекерлеуші, құрылысшы, аспаз, механик, технолог сияқты салаларда нағыз кәсіп иелері тапшы болып отыр. Сондықтан бұл жылдың басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жастардың назарын осы бағытқа аудару.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мемлекет тарапынан:
Кәсіптік-техникалық білім беру орындарына қолдау көрсетілуде;
Жұмысшы мамандықтарына сұраныс жоғары салаларда дуалды оқыту жүйесі енгізілуде;
Колледж түлектеріне жұмысқа орналасуда жеңілдіктер мен қолдау бағдарламалары қарастырылуда.
Бүгінде техникалық және кәсіптік білім – табысты болашақтың кепілі. Жұмысшы мамандығын игерген жастар шет елдерге де, еліміздің ірі өндіріс орындарына да қажет. Олардың еңбегі – ел экономикасының негізі.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» – бұл тек бір жылдық шара емес, бұл – еңбек адамына құрмет көрсетудің, жастарды нақты кәсіпке бейімдеудің, қоғамда еңбек мәдениетін қалыптастырудың бастамасы. Әрбір кәсіп иесі – ел дамуының тірегі. Сондықтан жұмысшы мамандықтарын таңдау – бұл мақтаныш пен болашаққа сенімді қадам.
Гулнур Берикова.