Бағдарлама 35 жасқа дейінгі облыс жастарына неғұрлым тиімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға көмектеседі.
Ұлытау облысының әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесе отырып қол жетімді қарыздар беру үшін 625 млн.теңге көлемінде қаражат бөлді.
Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 5%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10% болуы керек.
Бағдарламаға қатысуға өтінім беру Алашахан даңғылы 1 мекенжайында орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығында жүзеге асады.
Өтінімдер 2025 жылдың 29 қыркүйегі мен 3 қазан аралығында сағат 9.00 -18.00 дейін қабылданады.