Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуді көздейтін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Заң қабылданды. Осы заңға сәйкес бюджет кодексіне көптеген өзгерістер енгізілді.
Барлық бюджет процестері регламенттелді.Кодексте жалпылама түрде жазылса, нақты тәртібі Ережеде бекітіледі.Қабылданған жаңа Заңға бюджет процестерінің қажетті бөліктерінен құралатын Ережелері қабылданды.Заӊ жобасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті мемлекеттік бюджеттіӊ 4-ші деӊгейі ретінде аудандық маӊызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деӊгейінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтық бірлікте енгізілді, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде енгізіледі.
Бүгінгі күнге Қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде 4 деңгейлі бюджетке қызмет көрсетіледі, оның ішінде республикалық бюджет-2, облыстық бюджет-13, жергілікті бюджет-23, жергілікті өзін-өзі басқару бюджет-1.
Екінші кезеңде 2000 адамнан аспайтын халқы бар ауылдық және селолық округ әкімдері үшін табыс жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне тікелей аударылады.Бюджет кодекісінде бюджеттің жаңа деңгейінің кіріс көздері заңды түрде бекітілген.Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің 4 деңгейі енгізілгеннен кейін бөлу бюджеттік сыныптаманың 33 коды бойынша ауылдық округ бюджетіне дейін жүзеге асырылатын болады. Заңның 52-1 бабына сәйкес ауылдық округ бюджетіне салықтық түсімдердің 7 түрі және басқа да салықтық емес түсімдер түседі.Бюджетке түсетін түсімдерді бөлу «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылып отыр.
Ауылдық округ бюджетіне шығыстардың 19 бағыты берілді. Бюджеттің шығыс бөлігін орындау процестері қолданыстағы жергілікті бюджетке ұқсас болады. Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті елдің бюджет жүйесінің толыққанды және ажырамас бөлігі болып отыр.
Қазынашылықтың ақпараттық жүйелерінде барлық бизнес процесстер іске қосылған, олар: қаржыландыру жоспарлары, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге өтінімдер, төлемге берілген шоттар, есептілік түрлері.
Электрондық-цифрлық қолтаңбаны алу бойынша селолық округтер әкімдерінің аппаратары «Қазынашылықпен пен клиент арасындағы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісім» үш данада Қазынашылық органына қолма-қол ұсынады. Келісімнің 2 данасы ХҚО-ға беріледі, әрі қарай ХҚО қызметкері кілтті растап Келісімнің бір данасын қайтарады.
«Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінде пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін қажетті ақпарат Қазынашылық комитетінің (kazyna.gov.kz) ресми сайтында «Пайдалы ақпарат» блогында келесі бөлімдер мен сервистер орналастырылған.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық саны 2 мың адамнан асатын 1 селолық округте жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті Кеңгір селосы әкімінің аппараты енгізілді, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық саны 2 мың адамнан аспайтын 2 селолық округ Талап селосы әкімінің аппараты мен Малшыбай селосы әкімінің аппараты кіреді.
Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті интернет-қосылымның жылдамдығының сапасы белгіленген талаптарға сәйкес және техникалық жабдықталуымен қамтамасыз етілген.
Жезқазған қалалық қазынашылық басқармасы жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті бойынша қазынашылықтың ақпараттық жүйелерінде барлық бизнес процесстер іске қосылған, олар: қаржыландыру жоспарлары, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге өтінімдер, төлемге берілген шоттар, есептілік түрлері.Салықтың алты түрі бойынша түсетін кірістер, сондай-ақ, жоғары тұрған бюджеттен жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне түсетін субвенциялар мен мақсаттық трасферттер жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне тікелей есепке алынады.
Бірінші кезекте жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті үшін жаңа алты мәнді кодтар берілді және қолма-қол ақшаның бақылау шоттары ашылады. Екінші кезеңнің жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу бойынша іс-шаралар жоспары 2019 жылы 16 мамырда бекітілген. Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылы қыркүйек-қазан айлар аралығында ЖӨБ қызметкерлерін оқыту семинарларын өткізу жоспарланған. Жоспарға сәйкес, ЖӨБ қызметкерлерін 2019 жылдың тамыз, қыркүйек, қазан айларында 3 рет оқыту семинарлары өткізілді. Семинар барысында іс-шаралар жоспарының 2 тармағына сәйкес, Қазынашылық органына ұсынатын қаржылық құжаттарды рәсімдеу бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету» ережесі түсіндірілді, оның ішінде қаржыландыру жоспарын жүргізу бойынша айтылды.
Қазынашылық-Клиент АЖ жұмыс істеу үшін Пайдаланушының нұсқаулығы, оның ішінде «Жаңа пайдаланушыны аутентификациялау және тіркеу», «Құжаттарға электрондық цифрлық қолтаңба қою», «Ақша алушыны ұлттық валютада ақша алушылардың анықтамалығына енгізу», «Жоспарлар мен өзгерістердің анықтамалары», «Азаматтық құқықтық мәмілені тіркеу», «Төлеуге берілетін шотты өткізу», «Есептілік модулы» бойынша бизнес-процессінің алғашқы бейне нұсқаулығын назарларына ұсынды және бизнес – процесстері бойынша түсіндірілді.
Дербес бюджетті енгізу ауылдық және селолық округтердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтуге және салықтарды тікелей өз бюджетіне алуы арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін күшейтуге мүмкіндік берді.
Бейбіт ШӘКЕНОВ,
Жезқазған қалалық қазынашылық басқармасының басшысы