Жошы хан және Алтын Орда: Тарих, мұра және Ұлы дала өркениеті

      Бүгін «Кеңгір» шипажайының ғимаратында «Жошы хан және Алтын Орда: Тарих, мұра және Ұлы дала өркениеті» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы аясында брифинг өтті.
      Брифингте Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, Халықаралық Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті (Әзербайжан, Баку) Ақтоты Райымқұлова, PHD докторы, археолог (Түркия, Қажы Байрам университеті) Atalay Karatak және PHD докторы, Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының директоры Жақсылық Сәбитов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
        — Конференцияның мақсаты — Жошы хан мұрасын және Алтын Орда тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеу болып табылады. Бүгінгі конференцияның мәні ерекше. Бұл жиында айтылатын ғылыми ойлар мен пікірлер: тарихымызды терең түсінуге, жаңа зерттеулерге бастау боларына, өткен тарихымызды жаңаша қырынан зерделеуге, әлем туристерінің назарын аудартып, туризмнің дамуына серпін береріне сеніміміз мол. Осы ретте, конференцияны өткізуге бастамашы болған Ақтоты Рахметоллақызына шынайы алғысымды білдіремін, — деді облыс әкімі Дастан Адайұлы брифингтегі сөзінде.
       Айта кетейік, конференцияға ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттер — Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия республикаларынан, сондай-ақ Ресей, Венгрия, Башқұртстаннан түркі әлемінің халықаралық ғылыми-зерттеу институттары мен тарихи-мәдени орталықтарының ғалымдары, археология және реставрация салаларының мамандары қатысады деп күтілуде.

14:40
74

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020