Ұлытау облысы жылыту маусымын дер кезінде бастауға толық дайын

Бүгінгі күні Ұлытау облысы ауа райының өзгерістерін ескере отырып, жылыту маусымын дер кезінде бастауға толық дайын.
1 жылу электр орталығында, 2 жылу стансасында, 110 жергілікті жылу көзінде (қазандықтар мен АЖЖ), сондай-ақ ұзындығы 920 шақырымнан астам инженерлік желілерде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Барлығы 248 әлеуметтік нысан (оның ішінде 140 мектеп, 51 денсаулық сақтау мекемесі) және 1429 тұрғын үй дайындалды.
Жезқазған жылу электр орталығы мен Сәтбаев жылу стансасы жылыту маусымына дайын, тиісінше 6 және 3 қазандықпен жұмысын бастайды.
Магистральдық жылу желілерінде жуып, шаю жұмыстары аяқталуда. Осыған байланысты ПИК, ММИБ және үй жетекшілерінен тұрғын үйлердің жылу желілерін сапалы жылу беру үшін уақтылы шайып, қысыммен сынау жұмыстарын жүргізуді сұраймыз.
Сонымен қатар, халық үшін қажетті көлемде көмір қоры жасақталды, отын базаларында 4,5 мың тоннадан астам көмір бар.
Сонымен қатар, өңірді газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Ұлытау облысы әкімдігі жылыту маусымының тұрақты әрі қауіпсіз өтуін үнемі бақылауда ұстап отыр.

13:45
18

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020