​МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ – НАЗАРДА

2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасына» сәйкес Теректі стансасының ауыл клубына күрделі жөндеу жүргізіледі.

Осы ретте Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Теректі станциясының ауыл клубына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша арнайы тәртіпті қолдану арқылы конкурс жариялады. Конкурс қорытындысы бойынша Жезқазған қаласының «Атакент-TTS» ЖШС жеңімпаз болып анықталып, келісім-шарт жасалды. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша бұл жобаны жүзеге асыруға 31 755 267.90 теңге жұмсалмақ

Жоспар бойынша ауылдық клубтың іші мен сырты толығымен жөнделеді. Есік, терезе мен едендері ауыстырылып, шатыры жөнделеді. Сонымен бірге, 70 орынға шақталған көрермен залына жаңа орындықтар қойылып, сахна мен оның шымылдығы жаңартылады және безендіріледі. Бұған дейін пешпен жылытылатын клубтың сыртына қазандық орнатылып, кәріз жүйесі тартылады. Мүмкіндігі шектеулі ауыл тұрғындарының мәдениет ошағына еркін кіріп, шығуына жағдай жасау да назардан тыс қалмағанын айта кеткен жөн. 2009 жылы осы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде клубтың маңайы абаттандырылып, қоршалған болатын. Биылғы күрделі жөндеу кезінде сол қоршауларға ағымдағы жөндеуден өтеді.

Маусымда басталып тамыз айының соңында аяқталатып күрделі жөндеуге 10 жұмыскер тартылады. Оның бесеуі жұмыспен қамту орталығының жолдамасына сәйкес қабылданғандар. Жұмыскерлердің айлығы ең төменгі жалақының екі мөлшерінен кем емес деңгейде белгіленеді, яғни 85000 теңге. Техникалық қадағалауды қарағандылық «Стройтехнология» ЖШС, авторлық қадағалауды павлодарлық «Респект» ЖШС жүргізетін болады.

19:08
361

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020