Кезекті баспасөз туры

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Жезқазған қаласының «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ-мен (бұдан әрі – «Жез.ТЭК» АҚ) бірлесіп, 2025 жылғы инвестициялық бағдарлама іс-шараларын орындау және жөндеу қорын игеру мәселелері бойынша баспасөз турын өткізді.


Баспасөз турына департамент басшысы Дәуір Жүнісбеков, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Аслан Арынов, Талап селосының әкімі Қайрат Бапанов, ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының м.а. Азамат Камитов және т.б. қатысты.

   «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» 1996 жылдың 15 қазанында құрылған. Негізгі қызмет түрі – электр энергиясын беру және тарату.
Субъектінің 01.07.2024 жылдан бастап 30.06.2025 жылға дейінгі реттеуші кезеңге арналған инвестициялық бағдарламасында негізгі құралдарды жаңғыртуға, күрделі жөндеуге және жаңартуға бағытталған 89 іс-шараны орындау үшін 3 млрд. 1 млн. 799 мың теңге көзделген. Инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыру нәтижесінде реттеушілік кезеңде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізілді: тозудың 1,5%-ға, нормативтік шығындардың 0,43%-ға төмендеуі, авариялылықтың және шикізат пен материалдардың шығыстарының төмендеуі.
2025 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша инвестициялардың жалпы көлемінен 61-ші іс-шара бойынша 1 338 445,219 мың теңге сомасына жөндеу жүргізілді, оның ішінде 45 575 мың теңге, инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары бойынша орындалу мерзімі 01.07.2025 жылдан бастап 30.06.2026 жылға дейінгі реттеуші кезеңге ауыстырылды. Нақты орындау 43 %.
Бару нысандары:
1) Ішкі тарату инженерлік электр желілері 10/0,4 кВ: КТП-10/0,4 кВ №15 «Индейка» Кеңгір кенті, Жезқазған қаласының жерлері, Ұлытау облысы, жалпы құны 6 млн. 596 мың 420 теңге;
2) «Д» 110/10 кВ ҚС әскери бөлім ауданы, Кеңгір кенті үшін, Жезқазған қаласының жерлері, Ұлытау облысы, жалпы құны 32 млн. 200 мың теңге;
3) Талап кентінің «Талап» 35/10 кВ-ҚС Жезқазған қаласының жерлері, Ұлытау облысы, жалпы құны 47 млн. 553 мың 560 теңге;
– «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ-ның биылға жоспарланған іс-шараларының 45%-ы орындалған. Бұл дегеніміз қалған бөлігі орындалмай қалады деген сөз емес. Себебі, инвестициялық бағдарламаның орындалу кезеңі 2026 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықта, — дейді департамент басшысы Дәуір Жүнісбеков.

Қатысушылар баспасөз туры соңында «Жезқазған ТЭК» АҚ-ның қызметіне оң бағасын беріп, ризашылықпен тарқасты.

23:17
58

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020