30 бос жұмыс орны ұсынылды


Бүгін Ұлытау облысы Әділет департаменті мен Жезқазған қаласының мансап орталығы бірлесіп, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Бұл жай ғана жәрмеңке емес, бұл жаңа мүмкіндіктер алаңы. Мұнда жұмыс іздеушілер өз болашағына жол ашса, жұмыс берушілер лайықты мамандар табуға тырысты.
Жәрмеңкеде 12 мекеме әртүрлі салаларда 30 бос жұмыс орнын ұсынды. Жұмыс іздеген адамдар саны – 3.
Мамандар жәрмеңкеге келген азаматтармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес берді.
Ұйымдастырушылар мұндай жәрмеңкелерді тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр. Мұндай шара адамдарға жаңа кәсіби жол тауып, өз әлеуеттерін іске асыруға зор ықпалын тигізді.

01:51
48

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020