БАЛАУСА» БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛДЫ

Мұқажан Жұмажанов ауылдық округінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 50 балаға арналған жаңа «Балауса» балабақшасының салтанатты ашылуы өтті. Бұл – ауылдың әлеуметтік дамуына серпін беретін, жас ұрпақтың игілігіне бағытталған маңызды қадам.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған балабақшада кең әрі жарық топ бөлмелері жасақталып, балалардың ой-өрісін, шығармашылығын дамытуға, ойын арқылы тәрбиелеуге барлық жағдай жасалған.
Мекемеге 9 тәжірибелі педагог пен маман жұмысқа қабылданып, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Қанат Қожықаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданында бірқатар жекеменшік балабақшалардың ашылуына жетекшілік етіп жүрген облыстық мәслихат депутаты Бағдат Бекежановаға алғысын білдірді.

Шара барысында бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

15:42
39

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020