Республика күні құтты болсын!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке – халқымыздың азаттыққа, елдік пен еркіндікке деген ұмтылысының, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің бастауы мен жаңғыру рухының айғағы. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация еліміздің тәуелсіз даму жолындағы тарихи қадам болды.

Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіштік пен мақтаныш сезімін оятатын, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтатын мереке.

Осы жарқын күні баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге жеміс және Отанымыздың өркендеуі жолындағы игі бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Республика күні құтты болсын!

Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін!

18:01
40

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020