​Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – Қазақстан халқының елдігі мен бірлігінің, тәуелсіздікке деген талпынысы мен өр рухының символы.

1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация – жаңа, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи бетбұрыс сәт болды.

Бүгінде егемен еліміз әлемдік қауымдастықта өзіндік орны бар, бейбітшілікті, татулық пен тұрақтылықты ту еткен мемлекетке айналды. Мұның бәрі — әр қазақстандықтың еңбегі мен Отанға деген сүйіспеншілігінің нәтижесі.

Осы мерейлі күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

Еліміз аман, көк байрағымыз биік, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Республика күні құтты болсын!

Қазақстанымыздың келешегі кемел, болашағы баянды болсын!

18:03
41

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020