Бүгін Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының мәжіліс залында мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Ахмет Баржақсыұлының өмірі мен еңбегіне арналған «Ахмет Баржақсыұлының ғұмыры мен мұрасы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталмыш іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және «Тарихқа тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясында Ұлытау облысының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен өтіп отыр.
Іс-шараға еліміздің белгілі ғалымдары, тарихшылар, қоғам қайраткерлері мен жазушылар, сондай-ақ өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты.
Алғашқы сөз кезегі облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаевқа берілді. Одан кейін құрметті қонақ, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ханкелді Әбжанов сөз сөйледі.
Конференцияның мақсаты — Алаш арыстарының бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Баржақсыұлының өмірі мен ғылыми мұрасын зерттеу, оның тарихи рөлін айқындау және ұлт тарихындағы орнын бағамдау.
Конференция барысында Ахмет Баржақсыұлының жаңа аударма кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың таныстырылымына қоғам және мәдениет қайраткерлері, Ахмет Баржақсыұлының ұрпақтары мен шығармашылық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конференция онлайн және офлайн форматта өтті.