Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік

Соңғы жылдары елімізде экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы кеңінен қолға алынуда. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – халықтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру.
Акция аясында еліміздің барлық өңірлерінде сенбіліктер өткізіліп, ағаш отырғызу, қоқыс тазалау, көгалдандыру шаралары ұйымдастырылуда. Мұндай игі істерге еріктілер де, еңбек адамдары да, жас ұрпақ өкілдері де белсенді қатысып келеді.
Таза қоршаған орта – салауатты өмірдің кепілі. Әрбір азамат өз ауласынан, өз көшесінен тазалықты бастаса, еліміз одан әрі көркейе түсетіні сөзсіз.

Таза Қазақстан – бәріміздің ортақ үйіміз, оны таза ұстау – ортақ міндетіміз.

10:42
41

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020