«Жанұя» шағын маркетінде «Әлеуметтік бұрыш» ашылды

          Анарқұлов көшесі, 9Б мекенжайындағы «Жанұя» шағын маркетінде «Әлеуметтік бұрыш» ашылды. Осыған орай «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» (ӘКК) АҚ өкілдері БАҚ өкілдерімен кездесіп, қойған сауалдарына жауап берді.
     «Ұлытау» ӘКК» басқарма төрағасының орынбасары Ержан Жолдасов облыстық тұрақтандыру қорының қалай жұмыс істейтіні жөнінде, «әлеуметтік сөрелер» жобасы қандай мақсаттарды көздейтіні және серіктес дүкендер желісін және әлеуметтік маңызы бар тауарлар ассортиментін кеңейту үшін қандай қадамдар жасалып жатқаны туралы айтып берді.
       Шараның мақсаты – халықты жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстыру. Бұл жоба халыққа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен ұсынуға бағытталған.
       Қазіргі таңда «Жанұя» сауда желісімен бірлесе отырып, қаламызда 4 дүкен жұмыс істеуде. 10 дүкен Сәтбаев қаласында, сондай-ақ Кеңгір ауылындағы бір гипермаркет.
      «Жанұя» шағын маркеті тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, күнделікті қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар дүкенде әлеуметтік сөрелер қарастырылған – бұл сөрелерде азық-түлік тауарлары төмендетілген бағамен сатылып, тұрғындар үшін ыңғайлы жағдайлар жасалып, арнайы баға белгілері мен ақпараттық тақтайшалар орнатылған.

       «Әлеуметтік бұрыш» ашылған дүкендердің мекенжайы: Сәтбаев қаласында – Ерден 41/1, Ерден 215, Ерден 161В, Сәтбаев 139А, Сәтбаев 143, Мәңгілік Ел 7В, Тәуелсіздік 17А, Наурыз 8, Абай 113, Абай 34. Ал Жезқазған қаласында – Анарқұлов 9В, Жеңіс 11, Алашахан 34 және Әуезов 56.

02:52
34

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020