Қаржылық сауаттылық пен цифрлық гигиена

Осы тақырыпта Ұлытау облысының тұрғындары арасында құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған форум өтті.

Іс-шара Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Ұлытау облысының прокуратурасы «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігі мен «Ulytau Hub» IT орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Форумның алғы сөзінде Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Марғұлан Калиакпаров бұл жиынның маңыздылығын атап өтті.

Спикерлер – Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Нұрсұлтан Ибаділдаев, Ұлытау облысы прокурорының көмекшісі Қанат Қисап және «Ulytau Hub» IT орталығының директоры Әлібек Қаратаев баяндамаларын оқыды. 

«Ұлытау облысының тұрғындарына қаржылық сауаттылықты арттыру, қаржы пирамидаларына, лудоманияға қарсы іс-қимыл мәселелері» жобасы аясында өткен форумда айтылған тақырыптар өте өзекті болды.

Форум соңында қаржы пирамидаларының, дропперліктің, құмар ойын мен лудоманияның алдын алу ісінде зор үлестерін қосқан, халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға, заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға елеулі еңбек сіңірген белсенділер Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Олар – өз еңбегімен ел сенімін арттырып, азаматтық ұстанымымен үлгі бола білген тұлғалар. Сондықтан да бұл марапат – олардың адал еңбегіне берілген лайықты баға.

19:43
22

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020